Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

3 Маусым 2022, 15:38 1853

Фото: inform.kz

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 4-6 маусым күндері республиканың барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

«5 маусымда жаңбыр болжанады, республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Дегенмен, термометр бағанында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылы. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі. Ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады», - делінген хабарламада.


Бөлісу: