20.05.2023
19:53
1490
Демалыс күні Астанада бірнеше көше жабылады

Демалыс күні Астанада бірнеше көше жабылады

21 мамырда елордада Astana Half 2023 жартылай марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«City Transportation Systems» ЖШС таратқан хабарламаға сәйкес, іс-шараны өту кезінде бірқатар бағыт бойынша көшелер жабылып, автобус бағдарлары өзгереді.

Осыған байланысты № 3, 4, 4А, 10, 12, 14, 15, 15А, 18, 21, 26, 32, 35, 37, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 53, 54, 60, 70, 302, 303, 308, 309, 314, 320, 323 қалалық және қала маңындағы бағдарлардың қозғалыс сызбасында уақытша өзгерістер болады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Осыған байланысты тұрғындарға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады.