Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

7 Қазан 2023, 00:22 1246

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 7-9 қазанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша  Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына фронтальды учаскелер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірнеше аймақтарында найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін. Ал республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын мен бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.

7 қазанда солтүстікте кей аудандарда +1 градусқа дейін ауа температурасы төмендеп, аяз күтіледі. Күндіз солтүстік жартысында 10-20 градус, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады. 

Берік Арманов
Бөлісу: