21.04.2023
12:09
1298
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон анықтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, циклон батыстан шығысқа қарай жылжиды, сонымен байланысты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде-найзағай мен шаңды дауыл болжанады.