11.04.2025
16:52
1281
Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмолада, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Республика бойынша тұман күтіледі.  

12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуір Ақтөбе, 13-14 сәуір Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады деп болжануда.

Күндіз температуралық фон:

Елдің батысында 13-20-дан 17-23-ке дейін көтеріледі.
Оңтүстік-батыста 15-20-дан 22-27-ге дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста 8-15-тен 12-20-ға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, орталықта 20-25-тен 10-15-ке дейін төмендейді. 
Шығыста 23-29-дан 12-20-ға дейін төмендейді.
Оңтүстікте жылу 28-33-тен 23-28-ге дейін төмендейді.
Оңтүстік-шығыста 23-33-тен 18-25-ке дейін төмендейді.