Демалыс күндері дауылды жел соғып, жаңбыр жауады

21 Маусым, 17:30 593

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжауынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болғандықтан, жаңбырлы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауылды жел соғып, еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы болжанады. 22-23 маусымда еліміздің батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батысында, 22 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жауын күтіледі.

Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді.

Ал солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: