Демалыс күндері боран соғып, көктайғақ болады

11 Қазан, 13:55 627

«Қазгидромет» РМК мамандары демалыс күндері қар жауып, күн суытатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арктикалық суықтың эпицентрінде болады, еліміздің басым бөлігінде қар жауады, республиканың орталығында боран соғып, көктайғақ болады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады, бірақ антициклон түнгі температураның 5-10 градус аязға дейін төмендесе, қалған аумақтарда термометрлер 2-10 градусқа дейін төмендейд. Тек оңтүстік аймақтарда түнде 5-10 градус жылы күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: