«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Атлантикалық циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашын (жаңбыр, қар) өтеді, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында көктайғақ пен боран болады деп болжануда. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Қазақстан бойынша тұман мен жел күшейеді деп күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.