18.08.2023
13:15
1233

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мәліметінше, республика бойынша желдің күшеюі күтілуде. Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде, еліміздің қалған бөлігінде өзгерістер күтілмейді.