18.11.2022
13:23
1967
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

 

«Республиканың басым бөлігіндегі ауа райының құбылмалы сипаты атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Жауын-шашын күтіледі, солтүстікте қар түрінде, республиканың қалған бөлігінде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болжанады. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі күтіледі»,- делінген хабарламада.