Синоптиктер 16-18 қараша арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді.
Сондықтан еліміздің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, бұрқасын соғады.
Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, 15-25 м/с-ке дейін жел күшейеді, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Сондай-ақ күндіз Қазақстанның батысында плюс 2-10 градус жылы, солтүстік-батыста 5 градус суық, 5 градус жылы болады.
Солтүстікте, шығыста және орталықта 5 градус аяз, 2 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус жылы болады деген болжам бар.