Демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады

3 Маусым 2023, 08:23 708

Қазгидромет мамандары 3-5 маусым - алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын антициклон айқындайды.

Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.

Күндізгі уақытта солтүстік-батыс, солтүстікте +36+41°С дейін, шығыста +33+39°С дейін, орталықта +33+41°С дейін, оңтүстікте +37+44°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С дейін қатты ыстық сақталады.

Берік Арманов
Бөлісу: