Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде күн жылы болады

30 Қыркүйек 2022, 19:27 1807

Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Солтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Елдің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.

Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. күндіз еліміздің батысында негізгі фон 17-28 градус жылы, солтүстік-батыста 5-18 градус жылыдан 8-23 градус жылыға дейін, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады. Орталықта 3-15 градус жылы, шығыста 0-8 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон 10-22 градус жылы, оңтүстік-шығыста 7-13, таулы аудандарда 2 градус жылыдан 12-18 градус жылы, таулы аудандарда 9 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.

Бөлісу: