Демалыс бітті, оқушылар мектепке оралды

Демалыс бітті, оқушылар мектепке оралды

Бүгін, 3 қарашадан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мектеп оқушылары бірінші тоқсаннан кейінгі қысқа мерзімді демалысын аяқтап, жаңа оқу кезеңін бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бір аптаға созылған күзгі демалыс кезінде оқушылар тынығып, жаңа тоқсанға дайындалуға мүмкіндік алды. Бұл үзіліс білім беру процесін жеңілдетіп, оқу жүктемесін тиімді бөлу мақсатында енгізілген.

Биылғы оқу жылы төрт тоқсандық жүйе бойынша өтіп жатыр. Бірінші тоқсан 25 қазанда аяқталған болатын. Енді екінші тоқсан 2025 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Білім беру ұйымдарында оқу процесі дәстүрлі форматта жалғасып, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылуда.

Мұғалімдер мен білім басқармаларының мәліметінше, екінші тоқсанда оқушыларды жаңа жобалар, пәндік олимпиадалар және түрлі тәрбиелік шаралар күтіп тұр.