ДДҰ басшысы бетперде киюді қайта бастауға шақырды

7 Қаңтар, 08:37 1892

COVID-19 ауруының өршуіне байланысты ДДҰ басшысы бетперде кию қажеттігін еске салып, COVID-19-ға тест тапсыруға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Тедрос Гебрейюс көптеген елдерде коронавирусты жұқтыру жағдайлары көбейіп жатқанын атап өтті.

COVID-19, тұмау және басқа да қоздырғыштар тудырған респираторлық аурулардың саны бірнеше апта бойы көптеген елдерде өсіп келеді және соңғы мерекелерден кейін де жалғасуы әбден мүмкін, - деп жазды Гебрейюс әлеуметтік желіде.

Ол барлық елдердің билігіне вирустың ықтимал мутацияларын бақылауды ұсынды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: