Биылғы жылдың басынан бері әлем бойынша медициналық мекемелерге 821 шабуыл жасалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 19 тамыз – Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күніне орай жариялаған хабарламасында мәлімдеп отыр.
Ұйымның дерегінше, аталған шабуылдардың салдарынан медицина қызметкерлері мен науқастар арасынан 1121 адам қаза тауып, 645 адам жарақат алған.
Сондай-ақ, ДДСҰ медициналық қызметтердің қауіпсіз әрі үздіксіз көрсетілуін қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдау қажеттігін атап отыр.