14.10.2025
19:31
895
Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды

Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атанды

2025 жылдың 9-18 қазаны аралығында Мысырдың Каир қаласында пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келі салмақта 191 келіні көтеріп, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол үздік нәтиже көрсетіп, Қытай мен Сальвадор спортшыларын басып озды.

Өзінің спорттық мансабында Давид пара пауэрлифтинг бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанды. Спортшыны Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Николаевич Колесников дайындады.