Давид Дегтярев – Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы

4 Қыркүйек, 23:00 431

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Жерлесіміз 188 келі салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Күміс медальді 185 келі көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 келі нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.

Фото: t.me/mediaparis2024/Нұрғали Жұмағазы

Естеріңізде болса, Токиода өткен жазғы Паралимпиада ойындарында да Давид Дегтяров 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иесі атанған. Енді де Франция астанасында қарсылас шақ келтірген жоқ.

Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Зарина Арман
Бөлісу: