Давид Дегтярев – IV Азия пара ойындарының чемпионы

23 Қазан 2023, 15:07 876

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Давид 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жерлесіміз жеңімпаз атану үшін 187 кг бағындырды. 

Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang – 185 кг, ал үшінші орында вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 кг көтерді.

Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін, - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: