«Дауысыңды көтермей сөйле»: Шымкент әкімі полицейге ескерту жасады

9 Тамыз, 09:55 6875

Желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу кезінде полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкім артына бұрылып, полицейге бірнеше рет ескерту жасағанын көруге болады. Бірақ әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз.

Дауысыңды көтермей сөйле. Қалай-қалай сөйлейсің? Бар, жақындама маған, - деді Сыздықбеков.

Қала басшысының бұл сөздерін желі қолданушылары тым дөрекі деп, сынға алды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: