«Дауыс көтерген емес». Вице-министр Бағдат Мусиннің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдірді

2 Мамыр, 12:40 1943

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Бағдат Мусиннің министрлік қызметінен босатылғанына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенаттың кулуарында журналистердің бірі Асхат Оразбекке «Күні кеше ғана басшыңыз Бағдат Мусин отставкаға кетті. Қызметтен кетуіне не түрткі болды? Жазбасында өзі отставкаға бергені туралы айтылды, ал бұған дейінгі жазбаларында мәжбүрлі түрде кетті деп көрсетілді. Осының анық-қанығын айтсаңыз» деп сұрақ қойды.

Менде ақпарат жоқ. Ол өзі шешім қабылдады. Бізге ештеңе айтқан жоқ, - деп жауап берді вице-министр.

Сондай-ақ Асхат Оразбекке «министрдің жұмысына қандай баға бересіз?» деген сұрақ қойылды.

Министрдің жұмысына халық баға береді. Мен үшін жақсы басшы болды. Кәсіби маман, өзінің саласын біледі. Онымен жұмыс бабында жақсы қарым-қатынаста болдым. Маған дауыс көтерген емес, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: