Дауыл, найзағай, өрт қаупі: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

5 Қыркүйек, 05:38 443

«Қазгидромет» РМК 5 қыркүйекте еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 25 м/с құрайды.

Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында аракідік қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Семейде күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында топырақ беті қатып, сынап бағаны бір градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ беті қатады, сынап бағаны бір 1 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады. 

Түркістан қаласында күндіз кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Астанада солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Петропавлда солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Зарина Арман
Бөлісу: