Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы ұсталды

4 Шілде 2023, 09:41 1662

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы Нұрасыл Болат ұсталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Қорғаныс министрлігі Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінен қашып кеткен Нұрасыл Болат ұсталғанын мәлімдеді.

2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, 3 шілде күні заңгер Анна Чернова депутаттың ұлының әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлаған болатын.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: