Дәулет Тұрлыханов: Жолдау – экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды құжат

3 Қыркүйек 2023, 07:17 1432

Мәжіліс депутаты, еліміздің танымал балуаны Дәулет Тұрлыханов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты жолдауына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісменнің сөзіне қарағанда, бұл құжатта халықты толғандыратын барлық өзекті мәселе қамтылған. Ол мұндағы негізгі бағыт мемлекеттің экономикалық саясатын жаңғыртуға, халықтың табыс деңгейін арттыру бағытталғанын алға тартты.

Президент 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін арттыру керек деп тілге тиек етті. Бұл осы көрсеткішке байланған бірқатар әлеуметтік қолдауды, оның ішіндеәлеуметтік осал топтарды қолдаудың қаржылық көлемін арттырады, - деді Тұрлыханов.

Сонымен қатар депутат жолдауда жастардың дамуына басымдық берілгендігін де тілге тиек етті.

Президент ел болашағы жастар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қолдау мен қорғау сұрақтарына ерекше мән берді. Қолжетімді, сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстануға толыққанды жағдай жасау сияқты өзекті бағыттар қамтылған. Ал жастарға қамқорлық таныту – жарқын болашаққа жасалған басты қадам, - деді мәжілісмен.

Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, жолдау экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды құжатқа айналды.

Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толығымен қолдаймын және бәрі өзімізге, яғни халқымызға байланысты деп ойлаймын. Біз қазір алға қойылған міндеттерді іске асыруға біріге отырып кірісуіміз керек, - деді.

Берік Арманов
Бөлісу: