Дәулет Мұқаев халыққа қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңес айтты

3 Қараша 2023, 16:13 2719

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев оқырмандарына қаржылық сауаттылыққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжілісмен қазір дүкендерде болып жатқан акцияны "Бөліп төлеу - өліп төлеу акциясы" деп атады.

Жарнамасы жер жарған 24 айға дейін бөліп төлеу акциясы көптеген банктерде басталды. Жылтыраған дүниеге қызыға бермеңіз. Әркім өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есептеген дұрыс. 

Мәжілісменнің айтуынша, акция кезінде тауарлардың бағасы көтеріліп кетеді.

Сосын бар ғой. "Бөліп төлеу" деп кез келген заттың бағасын көтеріп қояды. Мысалы, осыдан 4 күн бұрын қараған қысқы дөңгелек 400 мың болса, бүгін 450 мың теңге. Осындай мысалдар жетеді. Қысқасы, көтере алмайтын шоқпарды белге байламау керек, - деп жазды депутат.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: