11.05.2024
00:23
971
Дәстүрлі әншілердің республикалық байқауы өтеді

Дәстүрлі әншілердің республикалық байқауы өтеді

2024 жылғы 13-14 мамырда Қазақ ұлттық өнер университетінде Кенен Әзірбаев атындағы «Мен сүйемін халқымды» дәстүрлі әншілердің I республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚазҰӨУ баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Кенен Әзірбавтің немересі Мұхтар Әзірбаевтің қатысуымен ұйымдастырылады.

Байқауға еліміздің өңірлерінен дәстүрлі өнердің 25 талантты орындаушысы қатысады. Іс-шара Қазақстанның дәстүрлі ән өнерін сақтап қалуға және дамытуға, сондай-ақ жаңа талантты орындаушылардың ашылуына ықпал етуге арналған.

Бас жүлде - 700 мың теңге.