«Дастархан басында» Ассамблея туралы

4 Сәуір 2018, 04:28 2460

3 сәуірде Петропавл қаласының Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқының ассамблеясы белсенділерімен Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайммен кездесу өтті.

Қазақтың салты бойынша қонақтарды халықтың қонақжайлылығы мен мейірімділік символы ретінде қарсы алу сөзімен және «шашу» салтымен күтіп алды. АҚШ Елшілігінің Өкілдерін этномәдени орталықтардың белсенділері ұлттық киімде ырғақты қазақ күйі әуенімен және орыс халқының көңілді жылулық әндерін әндетумен қарсы алды. Одан әрі қонақтарды Достық үйіндегі сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, ұлттық тағамдарды, киімдерді, әдебиеттерді және т.б. таныстырумен танымдық саясат күтіп тұрды.

«Дастархан басындағы» кездесу барысында этномәдени орталықтардың өкілдері мен белсенділері өздерінің қызықты жұмысы, ассамблеяда өткізілетін шаралар, басты жобалар туралы әңгімелеп берді.

Біздің қонақтарды, АҚШ елшісінің орынбасары Джон Марк Поммершайм және саяси сұрақтар бойынша кеңесшісі Пол Юкич келесі сұрақтарға қызығушылық танытты: «Қазақстан халқы Ассамблеясының механизмі қалай жұмыс істейді?», «Осындай кең байтақ мемлекет аумағында этносаралық тепе-теңділік пен тұрақтылықты сақтау мүмкін?»

Бұл сұрақтарға тез арада этномәдени орталықтарының өкілдері жауап берді. Бүгін әрқайсысымыз, біздің кең байтақ еліміздің тұрғыны өз этносының тілін, салты мен дәстүрін игеруге, өзге этностардың мәдениетіне қызығушылық танытуға мүмкіндігі бар.

Дәстүрлі емес түрдегі кездесу өте тиімді өтті. Өкілдерге, әрине, мақтан ететін жайлар, пір тұталық басшылықтар туралы айтатын әңгіме көп. Біздің бірінші кездесуіміз тығыз серіктестіктің бастауы болатынына сенеміз.

 

 

 

Бөлісу: