Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 5 ойыншысының қатарына енді

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 5 ойыншысының қатарына енді

Әлемдегі ең танымал футбол сараптамалық платформалардың бірі Score 90 қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаевты 17 жасқа дейінгі үздік ойыншылар рейтингіне енгізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Платформа 2005-2008 жылдары туған таланттарды жас санаты бойынша бөліп, болашағы зор футболшылардың тізімін жариялаған.

2008 жылы туған, яғни 17 жас санатындағы ТОП-5:

Леннарт Карль (Германия, «Бавария»)

Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»)

Нгумоа Рио (Англия, «Ливерпуль»)

Хонест Аханор (Италия–Нигерия, «Аталанта»)

Дастан Сәтпаев (Қазақстан, «Қайрат» )

Қазақстандық жас футболшының әлемдік рейтингке енуі, оның жоғары әлеуетін мойындаудың айқын дәлелі.

Дастан Сәтпаев бұған дейін де бірнеше беделді басылымдардың назарына іліккен. Мәселен, британдық The Guardian газеті әлем футболындағы ең перспективалы 60 жас ойыншыны жариялағанда, 2008 жылы дүниеге келген үздіктер қатарында Дастан да аталған.

Сонымен қатар, ол УЕФА Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың алғашқы үштігіне кірген болатын.