Дастан Мұқашбеков – Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері

4 Қыркүйек, 23:27 377

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы спортшыларымыз қола жүлдеге ие болды.

XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (15,84 метр) бұйырды. Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.

Бұған дейін пара пауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алса, мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Зарина Арман
Бөлісу: