Дәрігерлер әжімнен сақтайтын өнімдерді атады

22 Ақпан, 16:45 2961

Дәрігерлер әжімді кетірудің бірден бір жолы – уақытты өткізіп алмай, дер кезінде әрекет жасау керектігін айтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бәрінен бұрын әжімнің алдын алған дұрыс.  Америкалық косметологтар теріміздің балғындығын жоғалтпай, әжімнен сақтау үшін көп нәрсенің қажеті жоқтығын айтады.

Ол үшін рационымызға авокадо, қызыл балық, қызанақ, сәбіз, жұмыртқа, зәйтүн майы, көк шай, куркума, киви, зімбір қоссаңыз жеткілікті.

Олардың құрамындағы дәрумендер токсиндерді шығарып, ультракүлгін сәуледен қорғайды. Яғни, терінің зақымданудан сақтап, балғындық береді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: