Дәрігерлер Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде

1 Мамыр, 19:38 622

Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұрғындарды қарап, медициналық көмек көрсетті.

Көмекке жүгінгендердің жалпы саны 800-ге жуық адам. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде. Жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Осы сағатта республика бойынша 41 195 адам өз үйлеріне оралды. 6 377 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Елімізде республикалық және барлық өңірде облыстық жедел штабтар жұмыстарын жалғастыруда.

Перизат Саденова
Бөлісу: