«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты

Бүгiн, 12:26 1138

Әзербайжанда ринопластикадан кейін комаға түскен 30 жастағы Назрин Мансурова қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Oxu.Az Liv Bona Dea ауруханасына сілтеме жасап хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер қыздың өмірін сақтап қалу үшін барын салғанмен, науқас қайтыс болды. Операцияны 3 қаңтарда хирург Санан Мехдиев жүргізген, бірақ келесі күні Назрин Мансурованың жағдайы күрт нашарлады.

Бұл хирургтың есімімен байланысты алғашқы қайғылы жағдай емес. 2015 жылы дәрігер Мехдиев жүргізген операциядан кейін 18 жастағы Лейла Мурсалова көз жұмған. Ұзақ тергеу нәтижесінде дәрігер 8 ай және 23 күнге бас бостандығынан айырылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: