Дархан Қыдырәлі TikTok компаниясының делегациясымен кездесті

27 Қазан 2022, 16:49 1836

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Astana Media Week-2022 апталығына келген TikTok компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Кездесу барысында министр Анастасия Панинаны Қазақстандағы TikTok басшысы болып тағайындалуымен құттықтады.
Қазіргі кезде TikTok платформасында қазақ тіліндегі контентке деген сұраныс көбейіп отыр. Бұл орайда компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын әрі осы күзде Қазақстанда TikTok офисі ашылатынын жеткізді.


Министр TikTok өкілдерімен ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша креативті контент және заманауи сапалы жобалар жасауға уағдаласқандығын жазды.
Оған қоса баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласуды ұсынды. Компания өкілі мұны құптады.
Сонымен бірге А. Панинаны жуырда өтетін Орталық Азия медиа форумына шақырды. Мәртебелі мейман министрдің шақыруын қабыл алып, ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін айтты.

Бөлісу: