Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында мемлекеттік құрылым қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Құттықтау сөзінде Дархан Қыдырәлі медиа қызметкерлерінің саланы дамытудағы қажырлы еңбегі мен қомақты үлесін атап өтіп, іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдірді.
Салтанатты рәсімде Әлібек Рзабаев, Дамир Егізбаев, Зарина Баянова, Азамат Серікбаев, Владимир Курятов және Мөлдір Бекбергенова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен, Юлия Қайрушин, Бақтыгүл Миркалиева, Халид Акчурин Құрмет грамоталарымен, сондай-ақ, Мунира Абулова, Фарида Мусатаева, Аида Жабагиева, Сауле Калиханова, Лена Муратбек , Салтанат Жумабекова алғыс хаттарымен марапатталды.