Данияр Әлиев: «Қазақстан туризмінің алтын кезеңі алдымызда тұр»

3 Мамыр 2019, 17:36 6359

Музейлер тек тарихи жәдігерлерді сақтайтын орын емес, мәдениеттің, өнердің қайнаған ортасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Тарихи сананы жаңғырту мақсатында музейлерді құру туралы ерекше атап өткен болатын. Біз Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиевпен өңірдің тарихи-мәдени нысандары мен музей саласы жайлы тақырыптар төңірегінде сұхбат құрдық.

– Данияр мырза, музей саласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында қандай жобаларды іске асырып жатырсыздар?

– Бүгінгі таңда музей саласы дамуының негізгі бағыт-бағдары Қазақстан Республикасы Мәдени дамуының тұжырымдамасында айқындалған.

Зaмaнayи әлeмдe мyзeй – ғылым, бiлiм, кoммyникaция, мәдeни aқпapaт пeн шығapмaшылық иннoвaциялap opтaлығы. Мyзей iciн peфopмaлaу шeңбepiндe 2020 жылғa дeйiн мyзeйлepдiң фyнкциялapын мәдeни-бiлiм бepу жәнe имидж opтaлықтapынa дeйін кeңeйту және ғылыми-зepттey қызмeтiн дaмытy, тapихи ғылыммeн, apхeoлoгиямeн, peстaвpaциялayмeн, өнepтaнумeн, этнoгpaфиямeн өзapa ic-қимыл жacaу үшiн жaғдaй жacaу жocпapлaнудa. Ocығaн бaйлaныcты мyзeйлepдiң, қop қoймaлapының мaтepиaлдық-тeхникaлық бaзaсын нығайтy мәceлeлepi қapaлaтын бoлaды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК-мен бірлесе отырып бірнеше ірі жобаларды іске асыруда. Солардың ең бастылары – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның қасиетті жерлер картасына енген «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркі аумағында салынатын «Сақ мәдениеті орталығы» мен Райымбек батыр кесенесі аумағында мемориалдық кешеннің құрылысы. Бұл нысандардың бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болып, мемлекеттің сараптамадан өтуде.

«Сақ мәдениеті орталығы» Азия мен ТМД аумағында теңдесі жоқ бірегей нысан болмақ. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көрсетілген сонау сақ дәуірінен бастау алатын халқымыздың, даламыздың негізгі құндылықтары осы орталықтан көрініс табады.

Сонымен бірге, А.Розыбакиев пен И.Штраус көшелерінің қиылысындағы сақ қорғанын музеефикациялау жұмыстары да жоспарланып отыр. Айта кету керек, бұл үш нысан – Алматы қаласы дамуының драйверлік жобалары тізіміне енді.

Қaзipгі таңда Алматы қаласы Мәдениет басқармасы жұмысының үлкен бір саласы музейлердің жұмыcын үйлecтiрyге, музeйлep жeлiciн нығaйтyғa, нeгiзгi мyзeй қopлapын тaнымaл eтy жәнe кeңiнeн тaныcтыpy жүйeciн қaлыптacтыpyғa, oлapды eл iшiндe жәнe шeт eлдepдe экcпoнaттayғa, ayқымды мyзeйapaлық ықпaлдаacтықты нығaйтуғa бaғыттaлғaн.

 

– Алматы қаласы мұражайларындағы құнды жәдігерлер ғылыми тұрғыдан қаншалықты зерттеліп келеді?

– Алматы музейлері қорында сақталған тарихи-құнды жәдігерлер қорда сақталып қана қоймай, кешенді ғылыми-зерттеу объектілеріне айналып отыр. Бүгінгі таңда негізінде көптеген ғылыми мақалалар жазып, оны музей тақырыбында шығатын отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу журналдарына жариялап келеді. Атап айтсақ, ресейлік «Музей» ғылыми-көпшілік журналымен, халықаралық «Музей-Памятник-Наследие» ғылыми журналдарымен, резензияланған отандық басылымдармен тығыз әріптестік байланыс орнаған.

Сонымен бірге музейлердегі ғылыми бөлімдердің қызметкерлері күнделікті қорлармен, жәдігерлермен жұмыс жасайды. Музей заттарын топ топқа бөліп, ғылыми паспорттар, ғылыми сараптама жасайды.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты музейлер қорында 60 мыңнан астам құнды жәдігер сақталса, соның тең жартысынан астамына ғылыми сараптама жасалып, ғылыми айналысқа еніп отыр.

 

– Алматы қаласы мәдениет және архивтер саласындағы мұралардың зерттелуі мен олардың сақталуы қандай деңгейде?

– Дүние жүзіндегі материалдық заттардың барлығы дерлік ескіріп, бұзылу қаупі бар. Өкінішке орай музейлік заттар да осыған жатады. Бүгінгі таңда музейлердің міндеті – тарихи-мәдени құндылығы, музейлік мән-мағынасы жоғары, бірегей заттарды сақтап қалу. Ескіріп, бұзылу процесін бәсеңдету, тоқтату, яғни консервациялау немесе қалпына келтіру.

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» кәсіпорнына қарасты музейлер қорында 60 632 экспонат сақталған. Оның ішінде: негізгі қор – 40517 с.б., ғылыми-көмекші қор – 20115 с.б. құрайды.

Музей қорларын сақтау – музей заттарын пайдаланудың физикалық жағдайын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында сақтау және сақтау жүйесі негізінде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу және қор жұмыстары бағыттары болып саналады.

Сақтау режимі – музейлік жинақтарды сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жиынтығы. Оған температуралық және ылғалдылық режим, жарық режимі, ауаның ластануынан қорғау, биологиялық режим, механикалық зақымданудан, төтенше жағдайларда қорларды қорғау шаралары жатады.

Қор сақтау бөлмелеріне дабыл жүйесі орналастырып, сөре, шкаф, сейфтермен жабдықталған.

Музейлердің экспозициялық залдары мен қор сақтау бөлмелеріне температуралық-ылғалдылық тіркеп тұру үшін арнайы термогигрометр құрылғылары қойылған. Бір тәулікте екі рет температуралық-ылғалдылық көрсеткіштері бақыланып, арнайы журналға тіркеліп отырылады. Негізінен барлық музей залдары мен қор қоймаларындағы температура мен ылғалдылық қалыпты деңгейде.

Ағаш, тері, кілем-киіз бұйымдары, киім-кешектерге әр жыл сайын жаз мезгілінде кептіру жұмыстары жүргізіледі. 

Сонымен қатар, музейлік заттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қор сақтау қоймалары, экспозициялық залдарда және Боралдай сақ қорғанында орналасқан сақтау қоймасында уақытылы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қор сақтау қоймаларында және музей залдарында санитарлық тазалау жұмыстары уақытылы өткізіліп тұрады.

 

– Бауырлас Түркия елінде болып қайттыңыз. Ондағы тарихи-мәдени нысандар мен музейлер жайлы ой-пікіріңіз қандай?

– Түркия еліне барған сапарымыз өте әсерлі болды. Бұл іссапарға Түркия Үкіметінің Халықаралық ынтымақтастық және дамыту жөніндегі агенттігі (TİKA) демеушілік жасаған болатын. Осы сапарға барған 10 адамның жол қаражаты мен барша шығындарын өтеген бұл ұйымға алғысымыз шексіз.

Түркия елі – Батыс Азияда және ішін­ара Оңтүстік-­Шығыс Еуропа жерінде орналасқан 84 миллион халқы бар мемлекет. Бұл мемлекет сырттан келген адам­дарды өзінің көне ескерткіштерімен, ежелгі көрікті жерлерімен, жағажайларымен, курорт­ты аймақтарымен таңғалдырады. Бұл елде ту­ризм табыстың тайқазаны болып тұр.

Біз Түркияның Анкара, Конья, Невшехир қалалары мен Каппадокия тарихи жерінде болдық. Онда әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер және нысандармен танысу мүмкіндігіне қол жеткіздік.

Түркияның бай мәдениеті, салт­-дәстүрі, тамыры тереңде жатқан тарихы, бәрі де бір жер­де жиылып сайрап тұрғандай. Түркі және Ислам әлемінің мәдени астанасына айналған қалаларын аралағанда рухың мен жүрегің терең тыныстап, бір серпіліп қаласың!

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты музей­лердің саны 252 екен. Оның ішінде 206 музейдің мәртебесі мемлекеттік. Осы музейлердегі мемлекет есепке алған экспонаттардың саны 3 млн. 311 мың 359 дана.Музей мамандарының айтуынша, 2018 жылы музейлерге 23 миллион­дай адам келген.

Түркияда музей саласы туризмнің өзегіне айналған. Бізге де осы саланы ары қарай дамыту бойынша жұмысымызды жалғастыруымыз керек. Бұл орайда қойын дәптерге түртіп алған ойлар, жоспарлар да жетерлік. Қазақстан туризмінің алтын кезеңі алдымызда тұр, соған кәміл сенемін.

 

– Алматы қаласы мәдениет және музей саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр?

– Бүгінгі таңда музейлерде өз ісінің нағыз майталмандары еңбек етіп келеді деп айтуға болады. Бірақ, ғылым мен музей технологиялары бір орында тұрмайды ғой. Сондықтан уақыт талабынан, жаңалықтардан қалмай мамандардың біліктілігін арттыру үшін музейде және музейден тыс жерлерде өтетін барлық халықаралық, республикалық, аймақтық конференциялар, семинарлар мен форумдарға белсенді қатыстырып тұрамыз. Солардың ең ірілеріне тоқталып өтсек, 2018 жылы 17-24 қаңтарда «Kazmuseum» қорының ұйымдастыруымен Түркия елі Анкара қаласы «Музей саласындағы жаңа технологиялар» тағылымдамасы, 2018 жылдың 14-30 наурыз аралығында Нидерланды мемлекеті Radboud университетінің профессоры, DR Evert van der Zweerde «Religion and Philosophy: east and west» атты 72 академиялық дәріс сағаты, 2018 жылы 26 маусымда Ғылым ордасында Смарт Туризм орталығының ұйымдастыруымен өткен «Цифровые технологии в туризме. Музей, ТИЦ, туробьект в интернете» семинары, 2018 жылдың 23-30 қазан аралығында «Clarivate Analytic» ғылыми-зерттеу ақпараттық ресурсы ұйымдастырумен өткен «Информационные инструменты для анализа научной деятельности» атты  семинары және тағы да басқалары.

Сонымен бірге, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Бірлестік қызметкерлері үшін әлеуметтік желілермен жұмыс жүргізу біліктіліктерін арттыру мақсатында Almaty Center Smart Tourism орталығы мамандары әр аптаның сәрсенбі күндері онлайн-сабақ жүргізіп отырады.

Бұл жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.

 

– Басқармаңыздың қазақстандық және шетелдік музейтанушыларымен байланысы қандай деңгейде?

– Бүгінгі таңда музейлер тек тарихи жәдігерлерді сақтайтын орын ғана емес, мәдени өмірдің, өнердің қайнаған ортасына айналып отыр. Сондықтан, музейлерді дамыту, оларды oтaндық жәнe шeтeлдiк туристерге тартымды ету – күн тәртібіндегі ең басты мәселе. Бұл бaғыттa бacты нaзap бeдeлдi oтaндық жәнe шeтeлдiк capапшылapды, ғылыми-зepттey инcтитyттapы мeн кoнcaлтингтiк ұйымдapды тapтa oтыpып, мaтepиaлдық жәнe мaтepиaлдық eмec мұрaны oдaн әрi қopғayғa жәнe тaнымaл eтyгe ayдapылaды. Тapихи-мәдени мұpaны қopғayдың, кoнcepвaциялayдың, рecтaвpaциялay мeн peконcтрyкциялayдың әлeмдiк үздiк пpaктикaлapын кeңiнeн қoлдaну өнepтaнy мeн музeйтaнуды, тapихи, apхeoлoгиялық, этнoгpaфиялық ғылымдapды caпaлы жaңa дeңгeйгe көтepуге мүмкiндiк бepедi.

Осы орайда xaлықтық бiлiм мeн шeбepлiктe, бeйнелep мeн тiлдe, жaнұялық жәнe рәciмдiк-мepeкeлeк өмipдiң дәcтүрлepe мeн әдeт-ғұpыптapын нacихаттaйтын жoбалapғa бacым қoлдay білдіріледі. Ал бұл өз кезегінде Қaзaқcтанның тapихи-мәдeни жәнe мaтеpиaлдық eмec мұpacын caқтaуға ықпaл eтeдi.

Қазіргі кезде музейлер мен отандық және шетелдік музейтанушылар, өнертанушылар арасында тығыз іскерлік қарым-қатынас орнаған. Жоғарыда айтып өткен семинарлар, шеберлік сыныптары, тәжірибе алмасулар – бәрі осының дәлелі.

 

Музей саласында және басқармаңызда маркетингтік және менеджерлік мәселелер қалай шешіліп жатыр?

– Музей саласында және басқармамызда өз ісінің нағыз мамандары жиналған деп айтып кеттім ғой. Басқарма басшысы Н.Сыдықовтың бастамасымен бүгінде Алматы қаласы мәдениет басқармасына қарасты барлық мәдениет мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру, басқару стилі жаңартылды. Әр мекеме өз миссиясы мен мақсаттарын анықтап, сол тұрғыдан жұмыс  жоспарларын жасақтады.

Музейлер маркетингіне келер болсақ, уақыт талабына сай музейге келушілерді тарту, музейлік өнімді тұтынушыға ұсыну жаңа формалар мен әдістермен толығуда. Мәселен, әлеуметтік желілердің потенциалын ұтымды пайдалану арқылы музейлік жұмыстардың жаңа интерактивтік формаларын қолдану – Алматы музейлерінің күнделікті жұмыс үрдісіне еніп отыр.

 

– Өнер деп жатырсыз. Солардың бірі – кино. Классикалық шығармалардың ізімен отандық кинолар түсірілуде. Сол кинолардың қайсысы сәтті шықты деп ойлайсыз?

– Әдеби шығармалардың фильмге лайықталған нұсқалары экран ажарын ашып, оны жаңа белеске көтерген мысалдар ұлттық киноның тарихында аз емес. 

Сонау «Қыз Жібек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксеректен» бастау алатын классикалық шығармалар желісімен түсірілген фильмдер шоқтығы бүгінде «Көшпенділер», «Құнанбай», «Біржан Сал», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдерімен толықты.

Ел тарихын, ұлт тағдырын суреттейтін бұл фильмдер бүгінде өте қажет деп ойлаймын. Әсіресе, өскелең ұрпақ үшін.

Кешегі «Көшпенділер» фильмінде «әттеген-айлар» кездесіп жатса, бүгінгі қазақ киносы жаңа сапалық деңгейге көтерілді деп ойлаймын. Күні кеше прокатқа шыққан «Балуан Шолақ», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдері жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеп, ұлт жанашыры етіп тәрбиелеуінде еш күмән жоқ.

 

– Балаларыңызды қаншалықты мәдениетке, тарихқа баулып келесіз?

– «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» демекші, балаларымды ұлттық бағытта домбыра аспабын үйретіп жатырмыз. Логикалық өй-өрісін дамыту үшін шахмат үйірмелеріне беріп келемін. Ән-күй, тақпақ және қазақтың жыр-дастандарын жаттатқызамыз. Олардың жан дүниесін байыту үшін ертегілер оқытамыз.

 

– Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасарысыз. Алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағы аясында сақ мәдениеті орталығын құру. Қаланың ортасынан археологиялық саябаққа, археологиялық ескерткішті музеефикацияландыру және Райымбек батыр кесенесі аумағына кешен салу. Осы жоспарлар жүзеге асып жатыр. Боралдай мен «Райымбек батыр кешені» бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталды. Сақ қорғаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы жарияланды. Мемлекеттік сатып алудан кейін белгілі болады.

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі саналатын Алматы қаласының даму қарқыны күн санап артып келеді. Қаламыздың мәдениеті болсын, эканомикасы, жалпы тыныс-тіршілігі көз алдымызда өзгеріп, дамып келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

– Әңгімеңізге рахмет. Ісіңізге сәттілік тілеймін!

Руслан БЕГЕН
Бөлісу: