Даняр Елеусінов пен Иван Дычко АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 KO) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Сондай-ақ Иван Дычко ауыр салмақта америкалық Самуэль Кросданы (11-5-1, 7 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді.