Данияр Әбілғазин лауазымды қызметке сайланды

13 Қазан, 08:37 527

Данияр Әбілғазин Орталық Азия бойынша Азия үстел теннисі одағының вице-президенті болып қайта сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, Қазақстан үстел теннисі федерациясының басшысы Данияр Әбілғазин Азия үстел теннисі одағының (АTTU) вице-президенті болып қайта сайланды. 

Дауыс беру 12 қазанда ATTU бас ассамблеясының аясында Астанада өтті. Жиын қатысушылары оның кандидатурасын бірауыздан қолдаған. 

Айта кетелік, Данияр Әбілғазин - 2021 жылдан бері Орталық Азия бойынша вице-президенті. Енді ол аталған қызметті 2028 жылға дейін атқарады. 

Конгресс Астанадағы XXVII Азия чемпионатын өткізу аясында өткізілді. Құрлықтық біріншілік алғаш рет Орталық Азияда өтіп жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: