Даниал Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің чемпионы атанды

9 Шілде 2023, 09:07 729

Қазақстандық Даниал Рахматуллаев Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында мәресіне жеткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау теннис мектебінің түлегі, 16 жастағы Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір қызығы, Даниал барлық қарсыластарынан 6:0, 6:1 есебімен айқын басымдық танытқан. Бұл – Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын осындай жарыста жеңімпаз атанған еді.

Тағы бір қазақстандық Жақас Қозыбақ жұптық сында үздік шықты. Ол ресейлік Дмитрий Буртцевпен бірге тартысты өткен соңғы бәсекеде қазақстандық Заңғар Нұрланұлы – ирандық Криш Тиаджиді 7:6 (7:3), 3:6, 10:8 есебімен тізе бүктірді.

Асқар Таудай
Бөлісу: