Даниал Ахметов бір шаршы метр де жері жоқ екенін айтты

19 Сәуір 2023, 14:14 2416

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәжіліс депутатының “Өскемен маңындағы жерді толық иемденіп алған” деген сөзіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жала сөз. Мен ол кісіге ештеңе айта алмаймын. Себебі оның депутаттық мәртебесі бар. Бірақ оның сөзі мәдениетсіздік. Менің баспасөз қызметім және жер комитеті бұл мәселеге байланысты нақты жауап берген болатын, - дейді Даниал Ахметов.

Былтыр желтоқсан айынад Парламенттің жетінші шақырылымының депутаты болған Берік Дүйсенбинов Шығыс Қазақстан облысының әкімі 5,2 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтардық деп мәлімдеген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке қарсы шыққан еді. 

Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр, - деген болатын Берік Дүйсембинов.

Алмас Абылай
Бөлісу: