19.09.2025
17:09
3178
Дәмханада даяшыға аяғын сүрткізіп қойған бойжеткен ұсталды

Дәмханада даяшыға аяғын сүрткізіп қойған бойжеткен ұсталды

Алматыдағы дәмханада әдепсіз әрекет жасаған қыз ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады. Ол өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - делінген қалалық ПД мәліметінде.

Полиция айналаға және Заңға құрметсіздік көрсетуге жол берілмейтінін ескертеді.