07.08.2024
10:30
1078
Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды

Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды

47 жастағы қазақстандықтың денесі үш күннен кейін табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болды. Сапбордпен келе жатқан ол тақтайшаға соқтығысқан. Салдарынан 6 адам зардап шекті: құтқарушылар төртеуін судан шығарды, біреуі жағаға өз бетімен шықты. Өкінішке орай, бір адам суға батып кетті, – деп жазды Ресейдің Төтенше жағдай министрілігі.

 Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.