Дағыстанда аза тұту күні жарияланды

Бүгiн, 13:29 105

Дағыстан астанасы Махачкалада жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Арасында 2 бала бар. Тағы 11 адам жараланған. Алдын ала мәлімет бойынша жанармай құю бекетінінің аумағындағы дәмханада газ баллоны жарылған. Содан бекеттің өзінде жарылыс болып, соңы өртке ұласты.

Қайғылы оқиғаға байланысты Дағыстанда бүгін аза тұту күні жарияланды.  


Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: