Соңғы төрт күн ішінде Дағыстанның Магарамкент ауданында ішек инфекциясының белгілерімен 370-тен астам адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 97 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Қазіргі таңда гастроэнтерит белгілерімен 97 адам стационарда емделіп жатыр, олардың 91-і – балалар. Соңғы төрт күнде тіркелген 372 науқастың 357-сі – балалар, – делінген хабарламада.
Соңғы тәулікте 23 бала ауруханадан шығарылған.