Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсКөкшетау маңында орналасқан саяжай алаптарында шөп өртеніп, жоғары дәреже бойынша дабыл жарияланды. Облыстық ТЖД қызыл жалынның саяжай құрылыстарына көшу қаупі болғанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт туралы төтеншеліктерге куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына 10-ӨСБ, М. Ғабдуллин атындағы АҚА күштері құралдары және «Бұқпа» орман шаруашылығы дереу жеткен. Өрт сөндіру күштері келгеннен кейін төрт учаскеде шөп өртенгені анықталған. Ал жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД бастығы Бақытжан Алашов келіп, «Дабыл» белгісі бойынша Көкшетау гарнизонын көтерді. Көкшетау қаласы мен Красный яр ауылынан қосымша күштер мен құралдар тартылды. Өрттің жалпы ауданы 150 гектар құрғақ шөпті, бұталарды және қараусыз қалған саяжай құрылыстарын құрады,-деп атап өтті департаменттен.
Алапат жалынды сөндіруге өрт сөндіру күштерінен басқа коммуналдық қызметтер де тартылды. «Су Арнасы» және «Көкшетау тазалық» кәсіпорындарымен су тасымалдау ұйымдастырылды. Жүзден астам адам мен 20 техника қатысқан үйлесімді іс-қимылдардың арқасында өрттің үлкен аумағы мен күшейген желді ескере отырып, өртті қысқа мерзімде сөндірілді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды