Әзірбаев Кенен (1884 – 1976)

2 Ақпан 2013, 13:18

19 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956), Қазақ КСР-інің халық ақыны (1961). Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген. 11 жасында домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастайды («Бозторғай», «Көк шолақ»). 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысының үгітші-сарбазы. «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан», «Бұлбұл» әндерін, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлап сарбаздарды күреске үндеген. Ұлы Отан соғысы кезінде ел арасында мәдени-үгіт бригадасын басқарып, халықтың қаһармандық ерлігін, жеңісін жырлайды. «Біз жеңеміз», «Майданға сәлем», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. Кененнің алғаш рет қазақ, қырғыз еліне бірдей танылып, ақын атануы «Көпшілік көрсін әнімді» әнінің тууымен тығыз байланысты.

19 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956), Қазақ КСР-інің халық ақыны (1961).
Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген. 11 жасында домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастайды («Бозторғай», «Көк шолақ»).
1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысының үгітші-сарбазы. «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан», «Бұлбұл» әндерін, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлап сарбаздарды күреске үндеген.
Ұлы Отан соғысы кезінде ел арасында мәдени-үгіт бригадасын басқарып, халықтың қаһармандық ерлігін, жеңісін жырлайды. «Біз жеңеміз», «Майданға сәлем», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды.
Кененнің алғаш рет қазақ, қырғыз еліне бірдей танылып, ақын атануы «Көпшілік көрсін әнімді» әнінің тууымен тығыз байланысты.
Қазан төңкерісіне  дейінгі «Менің өмірім», «Құрдасыма», «Құрдасымның сөзі», «Қойымды Аянбайға  кеттім қосып», «Көк шолақ», «Даяшылар», «Жеті қойды жоқтағаным», «Түйе» деген өлеңдерімен қатар, «Шәлипа қызбен  айтысы», «Шөпке барғанда», «Құдалар» атты дастандарында өз заманының өзекті күйі суреттеледі.
1900-1905 жылдар аралығында «Түйе  тыныс», «Көпшілік көрсін әнімді», «Қызыл қайнар» тәрізді ән-өлеңдерін шығарды.
К.Әзірбаев  қырық шамалы ән мен күй  шығарған. Соның ішінде, әсіресе, халыққа белгілі болғаны: «Бозторғай», «Көк шолақ», «Базар – Назар», «Колхоз әні», «Жас екпін», «Елімнің ерке жастары», «Жеңіс жылғы шаттық ән», т.б.
Туындылары бірнеше рет жинақ болып шықты. Олар: «Өлеңдері» (1947), «Әли батыр» (1949, 1951, қазақ, орыс тілінде), «Өлеңдері  мен дастандары» (1952),  «Әндері» (1955), «Өлең, дастан, ән текстері» (1961), «Өмірімнің әндері» (1961), «Шығармалар жинағы» (1967), «Аңыздар сыры» (1969), «Алатау шыңы» (1974).
1984 жылы 100 жылдық мерекесі өткізілді.
Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, даусым», орыс тілінде «Песни гор и степей», «Көпшілік тыңда әнімді» (2003), «Көп томдық шығармалар жинағы» (2007-2008) кітаптары жарық көрді.
К.Әзірбаев жайында деректі кинотелефильмдер түсірілді. Есімі Жамбыл облысындағы  көшеге, кинотеатрға, қазақ орта мектебіне берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін К.Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалған. Туған ауылы орталығында мұражай-үйі жұмыс істейді.
К.Әзірбаев бірнеше мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Бөлісу: