30 Қаңтар 2013, 11:12
1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.
1961 жылы Жамбылда Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының №61 сегіз жылдық мектебінде мұғалім болудан бастаған.
1967-1973 жылдар аралығында Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы.
1973-1991 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы.
1991 жылдан бepi «Ұлан» газетінің бас редакторы.
Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді.
Жекелеген өлендері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзірбайжан тілдеріне аударылған.
«Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.
Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973 жыл), С.Михалковтың «Степа ағай» (1978 жыл), Р.Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982 ж.) поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше epтeгici «Пілдің баласы» деген атпен (1983 жыл), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984 жыл), «Жанымның жарық жұлдызы» романы (1985 жыл) жеке кітап болып шыққан.
Сондай-ақ, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжехва, Дж.Родари, Я.Аким, Б.Заходер, К.Мұхамади, К.Тәңірқұлиев, Б.Асаналиев, т.б. өлеңдерін аударуға қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін» (1970 жыл), «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 жыл) медалдарымен марапатталған.
ҚР Жастар одағы мен Журналистер одағының Б.Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. «ҚР Білім беру ісінің құpмeттi қызметкері», «Мәдениет қайраткері» атақтары берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1981 жыл) марапатталған.
Шығармалары:
- Сыныққа сылтау. Мысалдар. Алматы, «Жазушы», 1967;
- Өлеңдер. Балаларға арналған. Алматы, «Жазушы», 1968;
- Дүрбі. Алматы, «Жазушы», 1970;
- Қacиeттi тақия. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Жазушы», 1972;
- Төлебай Әжімов. Очерк. Алматы, «Жазушы», 1973;
- Сәлем саған, мектебім. Алматы, «Жазушы», 1975;
- Кішкентай астрономдар. Алматы, «Жалын», 1977;
- Теміртесер. Сықақтар мен мысалдар. Алматы, «Жазушы», 1979;
- Бақыт деген не? Алматы, «Жазушы», 1980;
- Мен мектепке барамын. Алматы, «Жалын», 1982;
- Баспалдақ. Алматы, «Жалын», 1984;
- Әйт, шу, тұлпарым. Алматы, «Жалын», 1986;
- Скачи, мой аргамак. Алматы, «Жалын», 1989;
- Қандай болып өсемін. Алматы, «Балауса», 1994;
- Айналама қарасам. Алматы, «Балалар әдебиеті», 2003;
- Армысың, ауылым: Өлеңдер, поэмалар. Алматы, «Балалар әдебиеті», 2011.