8 Ақпан 2013, 06:32
– Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәтижесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көрсетіп.
Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді сусыннан көреді. Дәрігерге көрінуге келген ол ауыз қуысы тамырындағы қанның бұзылғанын естиді. Қазір оның қолында жасанды тіс пен сусынды қатар ұстап түскен сурет бар.
– Мұның бәрін басқа жұртты сақтандыру үшін жасадым. Дәрігерлер кезінде маған газды сусыннан бас тартпасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкінішті, – деп еске алады ол.
Шын мәнінде, австралиялық зерттеушілер газды сусындардың адам ағзасына өте зиян екенін айтып отыр.
Сұрау салудың барысында 5 пен 16 жастағы 16800 бала мен жасөспірімге зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың 56 пайызы газды сусындарды ішетін болып шыққан. Бұл өте қауіпті. Газды тәтті сусын тістің қызыл етін босатып, тісті босатады, – дейді австралиялық дәрігер Джейсон Армфилд.
Ендеше, тәтті газды сусыннан сіз де абайлаңыз!