2012 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге 900 млрд теңгеге жуық трансферт бөлінген – Б.Жәміш

8 Ақпан 2013, 06:16

2012 жылы республикалық бюджеттен аймақтарға 889,3 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Өткен жылы республикалық бюджеттен 889,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы түгелдей мақсаты трансферт болып табылады. Аймақтар қаржының 98 пайызын игерді», - деді Қаржы министрі. Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтуде. Кенжекей Тоқтамұрат

2012 жылы республикалық бюджеттен аймақтарға 889,3 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Өткен жылы республикалық бюджеттен 889,3 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы түгелдей мақсаты трансферт болып табылады. Аймақтар қаржының 98 пайызын игерді», - деді Қаржы министрі.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтуде.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу: