2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған

7 Ақпан 2013, 08:53

2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 17246 тексеру жүргізді, еңбек заңнамасы бойынша 54,5 мыңнан астам, оның ішінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында – 20965 заң бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесінде заңды тұлғалар мен ұйымдардың жеке тұлғаларына қатысты мемлекеттік инспекторлар жалпы сомасы 486,2 млн. теңгеге 12,7 мыңнан астам айыппұл салды», - деп атап өтті Серік Әбденов. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың бұзылуына кінәлі 1427 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Құқық қорғау органдарына 2648 материал жіберіліп, 73 қылмыстық іс қозғалды. «Өндірістік жарақаттың төмендеуі байқалады (2012 жылы өндірісте 2241 адам, 2011 жылы - 2247 адам зардап шекті). Бұл ретте өліммен аяқталған оқиғалар саны үш есеге азайды (2012 жылы - 278 адам, 2011 жылы - 332 адам)», - деді министр. «Еліміздің кәсіпорындарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде 1125 халықаралық және ұлттық стандарт енгізілді», - деп толықтырды Серік Әбденов. Айымгүл Әбілева  

2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтаған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 17246 тексеру жүргізді, еңбек заңнамасы бойынша 54,5 мыңнан астам, оның ішінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында – 20965 заң бұзушылық анықталды. Анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесінде заңды тұлғалар мен ұйымдардың жеке тұлғаларына қатысты мемлекеттік инспекторлар жалпы сомасы 486,2 млн. теңгеге 12,7 мыңнан астам айыппұл салды», - деп атап өтті Серік Әбденов.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың бұзылуына кінәлі 1427 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Құқық қорғау органдарына 2648 материал жіберіліп, 73 қылмыстық іс қозғалды.

«Өндірістік жарақаттың төмендеуі байқалады (2012 жылы өндірісте 2241 адам, 2011 жылы - 2247 адам зардап шекті). Бұл ретте өліммен аяқталған оқиғалар саны үш есеге азайды (2012 жылы - 278 адам, 2011 жылы - 332 адам)», - деді министр.

«Еліміздің кәсіпорындарына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде 1125 халықаралық және ұлттық стандарт енгізілді», - деп толықтырды Серік Әбденов.

Айымгүл Әбілева

 

Бөлісу: