Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен ҚР Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Жиында агенттіктің өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, 2013 жылдың негізгі мақсат-міндеттері белгіленеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мемлекеттік статистиканың дамуы Қазақстан Республикасы стратегиялық мақсаттарына жетуге, бағдарламалық құжаттамаларды статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуге және пайдаланушыларды барынша осы ақпаратпен қанағаттандыруға бағытталғаны белгілі. Агенттік жұмысының басым бағытынын бiрi статистикалық процеске заманауи ақпараттық технологияларды енгізу болып табылады. ТМД елдерінің статистикалық органдарының ішінде агенттіктің алғашқылардың бірі болып «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және енгізу жобасын іске асыра бастағаны маңызды жетістік деп санаймын», - деді ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, осыған дейін агенттіктің ақпараттық жүйесі бағдарлама жасаудың әр түрлі құралдарында жазылып, жекеленген бағдарламалық кешендердің шашыраңқы жиынтығы түрінде дайындалып келді.
«Бағдарламалық кешендер арасында деректердi автоматтандырылған салыстыру мумкiндiгi болмады, әдістемелік өзгерістерді енгізу өте қиын болған еді. Жүйе анық болмай, интеграцияланбады. Ақпараттық жүйе статистикалық ақпараттарды жинау, өңдеу және тарату процестерін толықтай автоматтандыруға және барлық пайдаланушыларға ститистикалық деректерге қолжетімділікті шектеусіз қамтамасыз етуге бағытталған», - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Айымгүл Әбілева